17.09.2020, 17:57
Қараулар: 802
МЕКТЕП ТАҚТАСЫ НЕГЕ ЖАСЫЛ?

МЕКТЕП ТАҚТАСЫ НЕГЕ ЖАСЫЛ?

Тақтасыз сынып жоқ.  Тақта сонау ХІХ ғасырда пайда болған.  Алғашында  тақта ағаш пен тақтастан жасалған. Әсіресе, ағаштан жасау арзан болғандықтан, ағаш тақталар көп болатын.

Кейін өндіріс дамып, тақталар пластик пен металдан жасалатын болды. Металдан жасалған тақтаға оқу құралдарын іліп қою ыңғайлы еді, өйткені магнит жақсы жабысатын. Басында металл тақталарға ақ бормен жазу ыңғайлы болсын деп, бетіне қара барқыт бояу жағылатын.

ХХ ғасырдың ортасында психология ғылымы жасыл түстің адам көзіне әлдеқайда ыңғайлы, жұмсақ екеніне көз жеткізді. Қошқыл жасыл түсті тақталарды сынап көрген мұғалімдер де мұның көзге жеңіл, жазғанға оңай, күнмен келісті екенін байқады. Ашық күнге шағылыспай жылы көрінеді.

Жасыл тақтаны алғаш АҚШ елі қолдана бастады. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап. Одан кейін Еуропа өтті. Ал кеңес елдеріне бұл тақта 60-жылдардың соңына қарай келді.

Қазір қара тақтаны кездестіру қиын. Күн сәулесі түскен кезде қара тақтадағы жазу көрінбей қалады. Сондықтан оны көбі қолданғысы келмейді.