17.09.2020, 17:53
Қараулар: 538
ХАННЫҢ ҚЫЗЫ

ХАННЫҢ ҚЫЗЫ

фотошежіре

Жәңгір хан төрт  әйел алып, оның үшеуінен сегіз ұл, төрт қыз сүйгені мәлім. Дегенмен, ханның сол ұрпағының тағдыры қилы, өмірі қысқа, өлімі жұмбақ. Тірі қалғандарының өзінің тағдыр тепірешін аз көрмегені белгілі.

Фатима тоташтан Зылиха, Хадиша және Тайша есімді үш қыз  сүйген.  Үшеуі де Орынборда оқып, жоғары білім алған.

Зылиха Жәңгірқызы 1851 жылы Сәлімгерей Тевкелевке тұрмысқа шыққан.

Шихабеддин Маржани кітабында Сәлімгерейді Оразмұхаммед сұлтанның ұрпағы деп жазады. Былайша таратады: Ондан  – Оразмұхаммед  – Дәулетмұхаммед – Мамаш – Тәуекел – Құтлығмұхаммед – Шаһингерей – Сәлімгерей. Сәлімгерей Тевкелев 1828-1829 жылдары орыс-түрік соғысына, 1830-1831 жылдары поляк көтерілісін басуға қатысты, 1848 жылы отставкаға шықты. 1865 жылы Орынбор мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі болды. Қайырымдылықпен айналысып, мешіт, мектеп салдырды.

Екеуінен Мәдина, Гүлсім, Суфия, Ғайнуш атты төрт қыз дүниеге келді. Гүлсімі Ресейдің генерал-майоры Әли Шейхалиевке ұзатылса,  Суфиясы  Алаш арыстарының бірі Сәлімгерей Жантөриннің жары болған.