17.09.2020, 16:40
Қараулар: 113
ЖОЛ АПАТЫНАН БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

ЖОЛ АПАТЫНАН БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Қыркүйек айының сегізі күні Орда ауылдық округі «Стан» қыстағынан екі шақырымдай жерде жол апаты орын алды. 1981 жылы туылған Серікболсын Шәріпов есімді азамат оқиға орнында қайтыс болған. Мамандардың  айтуынша, аталмыш жағдай марқұмның көлік руліне ие бола алмауы салдарынан орын алған.

Өкінішке қарай араға төрт күн салып тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді.  Хан ордасы ауылынан Сайқынға бет алған отбасы жол бойындағы құрылыс материалы, нақтырақ айтсақ, қиыршық тасқа соғылып, түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған. Абырой болғанда отбасы мүшелері дін аман.

Аудандық полиция бөлімі

(Сурет ғаламтордан алынды)