17.09.2020, 10:04
Қараулар: 84
САРБАЗДАР СҮЙЕГІ ТАБЫЛДЫ

САРБАЗДАР СҮЙЕГІ ТАБЫЛДЫ

М. Мәметова атындағы іздеу тобы жұмысының әр күні жаңалық толы деуге болады.

Күні кеше бір жауынгердің сүйегін тапты десек, өткен сенбіде  олар он алты сарбаздың сүйегін қазып шығарды.

Жау бомбасынан қаза тапқан жауынгерлер сүйегін аталмыш топ N 365 теміржол айрығынан тапты.

— Қолымызда бар ақпарат бойынша бұл 93- артиллерия дивизионының жауынгерлері. Бастапқыда жеті сарбаздың сүйегі табылды. Кейін жеті сүйек екі есеге еселенді десе болады,-дейді іздестіру топ командирі Сергей Лапшин.

Бұл жауынгердің бәрі де Сталинград майданына жолданған сияқты. Қан майданға енбей тұрып, аспаннан жауған бомбадан ажал құшқан жауынгерлер сүйегі сол бомба түскен орға көміле салған сияқты. Сарбаз сүйектерінен басқа олар қолданған қасық, улы газдан сақтандыратын тұмша да табылды. Жергілікті әскери комиссариат арқылы марқұм жауынгерлердің тума-туыстары іздестірілуде.

Еркебұлан РАХМЕТОЛЛА