17.08.2020, 15:38
Қараулар: 305
МЕШІТҚҰМНАН ШЫҚҚАН РЕКТОР

МЕШІТҚҰМНАН ШЫҚҚАН РЕКТОР

Аудан тарихына есімі алтын әріппен жазылған тұлғаның бірі Фазыл Мұхаметқалиев. Ол 1911жылы  Мешітқұмда дүниеге келген. Ордадағы мектепті бітіріп,  Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын үздік тәмамдаған. ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан.  Қазақ ССР-ы Ғылым академиясының академигі, биология ғылымының докторы, профессор. Асыл тұқымды мал өсіру шаруашылығының бастауында тұрған оқымысты-ғалым.

Өзі білім алған институтқа ассистент қызметіне қабылданып, ректоры лауазымына дейін көтерілген. 1989ж., Алматы) – белгілі ғалым, ҰОС қатысушы. 1972 ж. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ҒА академигі болып сайланды. 120-дан астам мал шаруашылығына қатысты, соның ішінде малдың жаңа тұқымын шығару және Қазақстанда мал шаруашылығының тиімділігін арттыруда теориялық және практикалық аса маңызды ғылыми еңбектер жазып, мал тұқымы мен мал жасы биологиясы, мал гетерозисі және генетикасына арналған 8 монографиясын жарыққа шығарды. Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс медалімен, «Құрмет Белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталды. 1970 жылдары елімізде тұңғыш рет асыл тұқымды малды қолдан ұрықтандыру ісін қолға алған.  Қазақ ССР-Ы Жоғарғы Кеңесінің (5-8 шақыруларының) депутаты болып сайланды.

Ф.Мұхамбетқалиев ағамыздың жұбайы Найла Базанова қазақтан шыққан тұңғыш техника ғылымдарының докторы.