17.08.2020, 15:34
Қараулар: 521
САРБАЗДАР ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ОЙНАДЫ

САРБАЗДАР ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ОЙНАДЫ

Халықаралық жастар күніне орай Хан ордасы ауылында ашық аспан аясындағы ауыл саябағында «Жасыл ел» сарбаздары мен ауыл жастары ұлттық ойындар ойнап, ән шырқады. Сақтық шараларды сақтай отырып, саябақтың әр бұрышына шағын топпен топтасқан жастардың бірі тоғызқұмалаққа ден қойса, бірі кір тасын көтеруде күшін көрсетті. Арасында арқан тартып, бойын жазуды жөн көргендер де, асық атып, мергендігін байқатқандар да болды. Шаралар кезінде жарыс ұйымдастырылмады, тек жастарымыз серігіп, серпіліп қайтты. Ұл-қызға бөлінбей күш сынасып, әзіл әңгімелер айтып, домбыра мен гитарада ән шырқап, демалып қайтты.

Сонымен қатар осы жастар күніне арналған шарада белсенді жастардың еңбегі еленіп, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың алғысхаттарымен мадақталды. Көңілдері көтеріліп, мерейлері тасыған жастар көңілді тарасты.

Раушан БАҚЫТОВА

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар