17.08.2020, 15:26
Қараулар: 603
ТОҒАНДАҒЫ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

ТОҒАНДАҒЫ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

 

Аудандық  балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогы Нұрбол Қуанғалиев Мұратсай көлінде «Су туризмі» техникасынан  шеберлік сағатын өткізді. Шара барысында ол әріптестеріне қайықты басқару шартын, қақпаға кіргізу мен шығару әдістерін, қайықтағы жарыстың талаптарын түсіндірді. Шеберлік сағатына қатысқан аталмыш орталықтың бес оқытушысы су бетіндегі кедергілерден жыланша өту, қақпадан қайықтың алдымен және артымен өту, қайықпен жарыс жөнінде толымды мағлұмат алып қана қоймай, оны тәжірибеде қолдануды да үйренді.

Раушан АППАҚОВА