17.08.2020, 11:57
Қараулар: 443
ӨЗІНДІК ҚОЛТАҢБАСЫ БАР ӨНЕРПАЗ

ӨЗІНДІК ҚОЛТАҢБАСЫ БАР ӨНЕРПАЗ

–Эльдардың әндерін тыңдап шықтым. Ұнады. Әні де келісті, дауысы да жақсы екен. Қазіргі тілмен айтқанда әннің бәрі бір-біріне ұқсап, плагиат боп кетіпті деп жатамыз ғой. Яғни, әндер бір-бірінің көшірмесіндей боп кетеді. Ал, Эльдардың әндерінде өзіндік қолтаңбасы бар екен. Музыкалық поэтикалық құрылым бар, өзіндік ерекшелік бар. Орындау шеберлігі де жоғарғы бағаға ие. Эльдар Құдабаевтың бағыт-бағдары жақсы. Ізденімпаздығы, өзімен жұмыс жасайтыны анық байқалып тұр. Өз-өзін жетілдіріп жүретін Эльдар сияқты өнерпаздарға жетістіктерге жетіп, өз қолтаңбасын айқындай алады. Сәттілік тілеймін.

Қуаныш ҚИСМЕТОВ,

ҚР Мәдениет саласының үздігі,

М. Өтемісов атындығы БҚУ-ң қауымдастырылған профессоры (доцент), әнші-композитор