10.08.2020, 2:04
Қараулар: 251
КІРЕБЕРІСКЕ КӨРІКТІ КОМПОЗИЦИЯ ОРНАТЫЛДЫ

КІРЕБЕРІСКЕ КӨРІКТІ КОМПОЗИЦИЯ ОРНАТЫЛДЫ

Ұялы ауылының кіреберісіне «Қош келдіңіз!» деп жазылған заманауи көркем композиция (арка түрінде) орнатылды. Ауыл ажарын айшықтайтын бұл қондырғыны ауылдың 1983 жылғы азаматтары орнатты.

Мектеп бітіргендеріне он жыл толған бұл азаматтар қомақты қаржы жинап, Тұңғыш  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер»  арнайы жобасы аясында  туған ауылдарына керемет тарту жасады.  Түнде жанып ауылымызға көрік беріп тұратын аркаға ауыл азаматтары дән риза. Салтанатты шарада округ әкімі Бақытжан Оразғұлов сөз алып, осы іске бастамашы болған түлектерге ауыл атынан алғыс айтты.

Жансая Аманжолова,

жастармен жұмыс жөніндегі маман,

 Ұялы ауылы

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар