10.08.2020, 0:38
Қараулар: 176
АЙЫППҰЛҒА ІЛІККЕНДЕР ЕСЕЛЕНДІ

АЙЫППҰЛҒА ІЛІККЕНДЕР ЕСЕЛЕНДІ

Өткен санда «Екі адамға айыппұл салынып, екі іс қозғалды» деген тақырыппен карантин жағдайында талапты белден басқандар туралы ақпарат берген болатынбыз. Осы аптада да сондай «батырлардың» қатары толықты.

Бірі дүкенге екіден артық тұтынушыны кіруіне рұқсат берсе, бірі түнде 23.00-тен кейін көлікпен көше кезіп жүрген. Қазір соның бірі қаралу үстінде болса, қалғандарына тиісті шешім шығарылып, айыппұлдар белгіленген. Екі аптада қаралған бес іс негізінде үш жеке тұлғаға, екі жеке кәсіпкерге айыппұл салынды.

Сонымен қатар ауданымызда дәрілерді қымбат бағаға сатты деген күдікпен аудандық полиция бөлім бір істі облыстық сараптауға жолдады.

Раушан БАҚЫТОВА