10.08.2020, 0:33
Қараулар: 174
ХАНОРДАЛЫҚТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҒЫ

ХАНОРДАЛЫҚТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҒЫ

«Оң қолыммен бергенімді сол қолым білмесін» деп, істеген жақсылығын жария қылудан ада азаматтарымыз бар арамызда. Десе де, «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейтін халықтың ұрпағымыз ғой. Елжанды азаматтардың мәрттігін көпке жеткізуді жөн санадым.

 

Жақында Хан ордасы ауылдық амбулаторияның су айдайтын құрылғылары істен шыққан болатын. Осыны естіген ханордалық (аты-жөнін атамауды өтінген) медициналық ұйымға бір вакуумдық сорғы (насос),  бір ақеділ мотор, 200 метрлік шлангі және бір пульсоксиметр аппаратын тарту етті.

Оның ауылдасы «Ильфат» шаруа қожалығының жетекшісі Райымбек Шарафутдинов құрбан айт кезінде Хан ордасы ауылына арнайы келіп, бір ірі қараның етін 21 отбасыға таратты.

Раушан АППАҚОВА

 

 

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар