10.08.2020, 0:09
Қараулар: 121
КАРАНТИННІҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ

КАРАНТИННІҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ

Ақпараттық мониторингтік топ та апта ішінде бірнеше мәрте сауда-саттық нысандарды аралап, санитарлық талаптардың орындалуын қадағалауда. Сонымен қатар аталмыш топ жаңа қаулылардың талаптарын түсіндіруде.

– Осы жолы облысымыздың бас дәрігері  Адасбаевтың 2 тамыздағы №25-ші қаулысын түсіндірдік. Өткен қаулының толықтырылған бұл нұсқасына сай, карантиндік режим 3-16 тамыз аралығына созылды. Тиймдардың дені сол күйңнде қалса, мұнда тек қоғамдық тамақтану нысандарына сыртқы алаңда (летникте) тамақтануға рұқсат берілді. Тек тәртіп бұрынғыдай қатаң. Бір үстелде төрт адамнан артық отыруға болмайды. Әрі әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс, яғни, дәмханаларға барғандар араға бос үстел қалдырып отырғандары абзал. Айта кетейік, осыған дейін бұл кәсіпкерлік нысандар дайын тағамды жеткізу қызметін ұсынып келді, -дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын басқарманың басшысы Света Рамазанова.

Ал, бетпердені кию талабы бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сай қолға алынуда. Шілденің 27-сі шыққан бұл құжат негізінде «Халық үшін қорғаныш маскаларын қию міндетті» деп нақты көрсетіп, қай жағдайда екенін тарқатып айтқан. Сонымен барлық адамдар дәріхана, кеңсе, дүкен, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда, жалпы жабық үй-жайларда, сондай-ақ, көлікте, далада болғанда киюі тиіс делінген. Далада бетперде кию індеттің таралмауы үшін қолданылатын шаралар екенін де айтқан. Бұл талапты орындамау тек бес жастан төмен балаларға ғана рұқсат етіледі. Ал өзгелеріне әкімшілік шаралар қолданылады.

 

Р.ЖАНАТҚЫЗЫ