28.07.2020, 0:00
Қараулар: 362
БАСТАМА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

БАСТАМА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бастамасымен қолға алынған «Ақ халатты абзал жандар ауырмасын» акциясы бөкейлік партияластар тарабынан кеңінен қолдау табуда.

Бөкейлік жасотандықтар көрінбейтін жаумен күнбе күн бетпе-бет жұмыс жасап жатқан дәрігерлерді және індетке шалдыққан жерлестерді қолдау мақсатында ауруханаға қымыз бен дәруменге бай жеміс-жидектер әкеп берді. Бұл игі іс бір реттік емес. Араға күн салып, қайта жалғасын тапты.

Аудандық партия филиалы төрағасының І орынбасары Мейрамбек Аққалиев:

  • Жасотандықтар мен партия мүшелерінің демеушілігімен жүзеге асып жатқан қайырымдылық шара алдағы күндерде жалғасады. Індеттің қарқыны қатты. Ауруға шалдыққан жерлестер саны да артып отыр. Сондықтан мұндай қолдау алдағы уақытта да көрсетілетін болады,-дейді.

«Орда» бастауыш партия ұйымының төрағасы Медет Сисеновтың ұйымдастыруымен  Хан ордасы жігіттерінің қолдауымен аудандық аурухана провизорлық орталық науқастарына және медицина қызметкерлеріне бір  қашардың етіне қоса жиырма персондық ыдыс-аяқ табыс етті.

Ұлпан ЖАКИНА