27.07.2020, 23:53
Қараулар: 440
СУ ТАРИФІ АРЗАНДАДЫ

СУ ТАРИФІ АРЗАНДАДЫ

Тамыздан бастап, ауыз су тарифі арзандайды. Бұл туралы  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Орда» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны хабарлама жасады. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап таратушы желілер арқылы ауыз су беру қызметіне тариф  1м3 үшін 215,28 теңге  мөлшерінде бекітілсін. Соның ішінде:

  • Тұрғындар үшін – 153,79 теңге;
  • Заңды тұлғалар үшін – 316,26 теңге.

Бұған дейін жеке тұрғындар 156,90 теңге, өзге тұтынушылар 331,48 теңгеден төлеп келген еді.