5.07.2020, 10:34
Қараулар: 335
Құрметті аудан тұрғындары! Қадірменді ағайын!

Құрметті аудан тұрғындары! Қадірменді ағайын!

 

Баршаңызды Тәуелсіз Қазақстанның ордасы – Нұр-Сұлтан қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Уақыт озған сайын Нұр-Сұлтан қаласы күнінің маңыздылығы артып, ол тек елордалықтар ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың асыға күтетін мерекесіне айналды. Сарыарқаның сары белінде, ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі – Елбасының қазақ халқына жасаған ерен істерінің, батыл шешімдерінің бірі. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы қысқа мерзім ішінде кемел келешекке көз тіккен заманауи қалаға, біздің еліміздің қаржы-экономикалық және мәдени орталығына айналды. Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Нұр-Сұлтан – қарыштап дамыған мемлекеттің, Мәңгілік Елдің символы. Құрметті бөкейордалықтар!

Баршаңызды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен бақ — береке тілеймін!

Қазақ елінің жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!

Ізгі тілекпен, аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов