3.07.2020, 18:58
Қараулар: 605
Уағиолла Нұрғалиев, ата-ана: «ҚЫЗЫМДЫ БАТА ШАЙЫМЕН ҰЗАТАМЫН»

  • Биыл қызым Эмилияға сырға салып кетті. Бұйырса Орал қаласына ұзатпақшымыз. Еліміздегі күрделі ахуалға байланысты ұзату тойын жасамаймыз, бата шайын өткізіп, құда-құдағайларыма аманат етеміз деп шештік. Мұнда тұрған дәнеңе де жоқ. Аталған рәсіммен қызыңды ұзату материалдық әлеуетіңнің артық не кемдігін көрсетпесе керек. Бастысы, жастар өзара тіл табысып, отбасылық өмірге шынайы сүйіспеншілікпен, құрметпен қадам басқандары маңызды. Тойға бес жылға мораторий жариялауды ұсынған ғалымды халқымызды үнемшіл болуға, кәсіп бастауға, әр күнін ойын-күлкімен өткізбеуге шақырғаны деп түсіндім. Несін жасырайық, қомақты сомада несие алып, белшесінен қарызға батып, оны төлей алмай қиналып жатырған  қазекемдерді көрсем аяймын. Ұл-қыздың бақыты үшін дейді де банктің құлы атанып шыға келеді. Сондықтан, мораторийға нақты қарсымын деп те, қарсы емеспін деп те айтпаймын. Әр нәрсенің шегі болуы тиіс. Тойды да өткізерде көрпесіне қарай көсілген дұрыс қой.