3.07.2020, 18:32
Қараулар: 490
 «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

 «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Биыл республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек қозғалысына  15 жыл. Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы елімізде кең қанат жайып, биыл да өз жұмысын жалғастыруда. «Жасыл ел» жобасы  тек қана айналаның  көгалдануы мен тазалығын сақтауға ғана емес, сонымен қатар біздің ортақ шаңырағымыз- Қазақстанның өркендеуіне  жауапты жаңа буынын тәрбиелеп, жастарды жұмыспен қамтуға және студенттердің  патриоттық рухын көтеруге үлкен үлес қосып келеді. Бұл жоба еліміздің түкпір-түкпірінде  қолдауға ие болып, жүйелі түрде іске асып келеді.

«Жасыл ел» сарбаздары ауыл тазалығына, саябақтардағы өсіп келе жатырған жасыл желектерді  күте отырып, Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің тұқымбағын  баптауға септігін тигізуде. Келесі кезеңге де  15 сарбаз қабылдау жоспарлануда.

 

Гаухар СӘРСЕНҒАЛИЕВА,

аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының Орда ауылдық округіндегі маманы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар