3.07.2020, 18:09
Қараулар: 414
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Індеттің белең алуына байланысты аудан бойынша сақтық шаралары күшейтілді. Аудан орталығында да, Мұратсай, Ұялы ауылдық округтерінде халық көп жиналатын әлеуметтік нысандар мен мекеме ғимараттары, көшелер акма-хлор ертіндісімен дезинфекцияланды.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 23 маусымдағы №21 қаулысына сәйкес ақпараттық түсіндіру тобы аудандық пошта торабы, сауда орындары мен, шаштараз, дәріхана сияқты қоғамдық қызмет көрсету орындарын аралап, көпшілікке түсінік жұмыстарын жүргізді.

Індет кеңінен тарап, құрбандар саны күннен күнге арта түссе де, елдің бейқамдығы қынжылтады. Әлі де сол масканы дүкен, поштаға кірудің алғышартына санап, қонақтық, құдалықтарға баруды шектемей отыр. Түнгі рейдтер ұйымдастырылып, қонақ шақырған да, қонаққа келгендерге де айыппұл салынатын болады.

Еркебұлан РАХМЕТОЛЛА