3.07.2020, 17:43
Қараулар: 344
«ШIЛДЕ, ШIЛДЕМ — ШIЛДЕ АЙЫМ»

«ШIЛДЕ, ШIЛДЕМ — ШIЛДЕ АЙЫМ»

Iлияс Жансүгiров жырлаған шілде жаңа қанаттанған жас құстар үшiн «дебюттер айы». Кейбiр халықтар бұл айды бөдене айы деп те атайды. Бұл кезде бөдене әдбен семiредi. Шығыс базарларында әр маусымның өзiне тән тағамдары болады. Ал, шілде — «будена шурпа» дейтiн сорпаның кезi. Славян халықтары да шiлде айының үшiншi жұлдызын бөденеге бағыштайды. Олар оны «Мефодий – переплятник» деп атайды. Және осы күнi жаңбыр жауса, 40 күн бойы тоқтамайды деп қорқады. Беларусь ағайындар шiлденi жөке ағашының айы дейдi. Мұның да жаны бар. Жөке гүлдеп араларына ерекше емдiк қасиетi бар бал жинайтын тұсы – осы тұс. Диқан өзбек мақтаның су iшетiн кезi дейдi. Бұ да жөн. Ал бүлдiрген тек осы шiлдеде ғана пiседi. Біле білсеңіздер, осы айы көкек жылы жаққа бет алады.

Шілде – жаздың екінші айы. Парсы тілінде (шіллә) «қырық» деген мағынаны білдіреді. Маусымның 26-сынан тамыздың 5-іне дейін ауа райы өте ыстық болады. Содан «қырық күн шілде» ұғымы туған. Шілденің аңызақ, аптап күні – «күн шіліңгір». Шілденің 20 жұлдызында Таразы (нарық) жұлдызы туып, таң суый бастайды. Сол себепті қазақтар: «Таразыда таң суыйды» дейді. Қырық күн шілде халық аузында «Суыр» деп те аталады. Сұмырай деген сөз суыр айы деген мағынада. Содан халқымыз: «Сұмырай келсе су құриды», – дейді. Шілде айының тағы бір көне атауы – асад. Үркердің толғағы. Бұл мал-жанға жайлы, үркер туатын шілденің ортасы. «Сүмбiледе су суық, ат семiрер құнтиып» дейтiн кез де осы шiлденiң орта шенi.

Дайындаған Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ