19.06.2020, 16:33
Қараулар: 197
БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

–«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы өткен жылы ауданымызда 1696 адам жұмыспен қамтылса, биыл да бұл үрдіс жалғасып жатыр. Оған қоса биыл республикалық бюджеттен бұл мақсатқа сәуір айында 119 млн. теңге бөлінді.  Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, барлық ауылдық округтердегі жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тартудамыз,-деді аудандық жұмыспен қамту орталығы директоры Исатай Оз. Бұл туралы Исатай Әлиұлы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы саяси кеңесінің бюро отырысында мәлімдеді. Хабарламашының айтуынша, елдегі төтенше жағдайға байланысты тұралап қалған кәсіби оқуға жолдау ісі 1 шілдеден бастап қолға алынбақ. Айта кетелік, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 48 адамға 200 АЕК көлемінде грант беру жоспарланып, бүгінгі таңда 20-сы бұл қаражаттың игілігін көруде.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Мейрамбек Аққалиев партияішілік іріктеуге 22 үміткер қатысатынын айтып, праймериздің өтуіне,  шарттары мен міндеттеріне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Мейрамбек Сағынғалиұлы бюро отырысына партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес құрамына өзгеріс енгізуге ұсыныс тастады. Отырыста қаралған мәселелер қатысушылар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Раушан БАҚЫТОВА