18.06.2020, 16:55
Қараулар: 269
СОТ БАҚ-ты ҚОЛДАДЫ

СОТ БАҚ-ты ҚОЛДАДЫ

Аудандық сот төрағасы Гүлжиһан Сағитова бастаған ұжым аудан үнжариясының тұрақты оқырмандары, белсенді авторлары. Бірінші жартыжылдықта жаппай бір жылға жазылып, ұжым боп қолдау білдірген сот ұжымы екінші жарты жылдықта та қарап қалмады. Жағдайы қолдауды қажет ететін аудан тұрғындарына «Орда жұлдызын» жаздырып берді.

  • Біле білгенге аудандық газеттен көп нәрсе табуға болады. Ағымдағы түйткілді мәселелерден бастап, тарихи тақырыптарға дейін қозғалады. Сын да бар. Кез келген сауалнама, хабарламаның өзінде астарлы ой бар. Тіпті соңғы беттің өзінде де оқылымды дүние жетерлік. Газеттің әр санын қалдырмай оқитын аға буын сотқа шаруасы түскенде осы басылымдағы материалдарды алға тартып келеді. Бұл үнжарияның сөзі хатталған тарих екенін көрсетеді,-дейді судья Сағитова.

Ұялылық ұстаздар бастаған жақсы істі жалғастырған сот ұжымына  алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Абыройыңыз арта берсін!

Редакция ұжымы