12.06.2020, 17:57
Қараулар: 120
ЕЛГЕ АНГУС ПЕН ГЕРЕФОРД «ХАНЫМДАР» КЕЛДІ

ЕЛГЕ АНГУС ПЕН ГЕРЕФОРД «ХАНЫМДАР» КЕЛДІ

Жай малға емес, асыл тұқымды малға толықты. Мамырдың аяғында ауданымызға Белоруссиядан Абердин-ангус асылтұқымды 33 малы әкелінді.  Бұл темірмасиндік Руслан Сисенғалиевтің шетелден жеткізген алғашқы ірі қаралары емес. Жыл басынан бері жеке шаруа Р.Сисенғалиев қорасын аталмыш елден 121 абердин-ангус тұқымдас қашарымен толтырған.

Тағы бір бөрлілік шаруа  Исатай Ғабдоллин де асыл тұқымды қашарлар әкеліп, мал тұқымын асылдандыру бағытында еңбек етуде. И.Ғабдоллин Венгрия елінен 26 герефорд тұқымдас қашарларды әкелсе, кейін Белоруссиядан  осы тұқымдас 80 мал сатып алған.

–Үстіміздегі жылдың бес айында ауданымызға сырттан 260 асылтұқымды мал әкелінді. Олардың барлығы да ветеринарлық талаптарға сай карантинге қойылды,-дейді аудандық аумақтық инспекция инспекторы, бас маман Дүйсенбай Молдағалиев.

Биыл жеке шаруалармен 260 асыл тұқымды мал алынса, былтыр 544 аналық мал алынған.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар