4.06.2020, 15:51
Қараулар: 135
«ТАНИ БІЛ ЕЛДІК ТАҢБАҢДЫ»

«ТАНИ БІЛ ЕЛДІК ТАҢБАҢДЫ»

 

Мемлекеттік рәміздер күніне орай дәл осы тақырыпта онлайн байқау өтті.

– Байқауға жалпы он үміткер қатысты. Қатысушының аз болу себебі байқау талабына байланысты болар. Тақырып бойынша төл туындыларын ұсынуы керек. Ол шығармалары поэзия талаптарына сай болуы шарт еді. Үміткерлер жас ерекшелігіне қарай 13-16 жас аралығындағы және 17-29 жас аралығындағылар боп екі топқа жіктелді. Үміткерлердің ең кішісі он жаста болса, ересегі 27 жаста. М.Бегалиева атындағы мектептің 5-сынып оқушысының жасы кіші болса да, талабын қайтармай, қатысуына рұқсат бердік. І топта бисендік Аят Хисмет топ жарса, бөрлілік екі шәкірт Мақпал Темірхан мен Айкөркем Құрманбаева ІІ, ІІІ орындарды бөлісті. Ересектер тобында ұялылық Жансая Баянованың туындысы І орынға лайық танылды,-дейді кітапхана әдіскері Раушан Жүсіпқалиева.

Жеңімпаздарға  мақтау қағаздар мен сыйлықтар табысталды.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар