4.06.2020, 15:49
Қараулар: 253
ШЫН ШЕБЕРЛЕР СЫНДА ТАНЫЛДЫ

ШЫН ШЕБЕРЛЕР СЫНДА ТАНЫЛДЫ

Құм НарынНан шығып, хас өнерімен қазаққа кеңінен танылған күйші, төре күйлердің негізін салушы, композитор Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына орай онлаин форматында байқау өтті.

«Дәулескер күйші –Дәулеткерей» атты онлаин байқау ересектер мен кәмелетке толмағандар арасында тартысты өтті.

Онлайн-аламанда ардагер ұстаз  Каспи Жахатов (Мұратсай ауылы) І орын алса, Хан ордасынан қатысқан Айдос Қадыралиұлы ІІ орын, бөрлілік Мейірбек Қуанышев ІІІ орын иеленді.

Кәмелетке толмағандар арасында Ерасыл Ситемалиев күмбір күйдің шын шебері танылып, бас жүлдені иемденсе, Хан ордалық Нұржанат Еслямғалиева І, Сайқыннан қатысқан Диляра Жігерова ІІ орындарға лайық танылды. Ал, хан ордалық Альмира Хайырлиева мен мұратсайлық Сұлтан Боранбайлар ІІІ орынды өзара бөлісті.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

Бөкей ордасы ауданы

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар