4.06.2020, 15:23
Қараулар: 233
БАЛАЛАР КҮНГІ БАЗАРЛЫҚ

БАЛАЛАР КҮНГІ БАЗАРЛЫҚ

Балалар мейрамында жас ертегішінің үздігі, көшелердің ең татуы тұрғындары да анықталды. «Мен білетін ертегі» онлайн байқауында 3-4 жас және 5-7 жастағы бөбектеріміз қазақ, орыс тілдерінде ертегі айтып, сынға түсті. 3-4 жастағылар тобында ана тілімізде ертегі айтқан Ақарыс Асқар Бас жүлде, Айым Хатимолла І орын алса, орыс тілінде ертегі айтып, Виктория Сергеева бас жүлде иемденді. 5-7 жастағылар арасында қазақ тілінде ертегі айтып, тыңдаушысын ұйытқан Дильнара Мырзағалиева бас жүлде, орыс тілінде ертегі айтқан Асылзат Хисмет І орын иемденді.

Сонымен бірге «Біздің мейрам біздің көшеде» атты онлайн балалар айдары ұйымдастырылды. Бұл айдарда бір көшенің балалары бірігіп, ән салып, би билеп, тик-ток көрсетіп, өз құттықтауларын жеткізді. Аудан орталығындағы Шағыров, Жангелдин, Құсайынов, Мәметова, Жәнекешев пен Чурин атындағы көшенің жас тұрғындары белсенді қатысты. Айдар бйоынша бар өнерін ортаға салған балаларға сыйлықтар табыс етілді.

Арайлым МАРАТҚЫЗЫ

Бөкей ордасы ауданы

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар