4.06.2020, 11:43
Қараулар: 198
КАЛЕЙДОСКОП

КАЛЕЙДОСКОП

 

  1. Кей елдің ресми мемлекеттік рәміздерімен қатар бейресми де рәміздері бар.
  2. Рәмізді ең бірінші ежелгі үндістер қолданды делінеді. Оларда әр тайпаның өз белгісі болған. Ол белгілер адамның денесіне салынған екен.
  3. Әлем елдерінің елтаңбасында жануарлар, қыран құстар мен өсімдік бейнеленген. Бельгия, Норвегия, Швеция, Финляндия, Испания, Болгария елдерінің гербінде арыстан, Австралияның елтаңбасында кенгуру, Андорраның елтаңбасында сиыр, Зимбабваның елтаңбасында антилопа бейнеленген. Ал. Ұлыбританияның елтаңбасында раушан гүлі, ал Перудің елтаңбасында лавр жапырағы, Ямайканың елтаңбасында ананас көрініс тапқан.
  4. Елтаңбасында қару бейнеленген ел де бар. Гаитидің 1805 жылы қабылданған гербінде қылыш та, пушка да бейнеленген. Ол Мозамбек. 1990 жылы қабылданған гербте Калашников автоматы бейнеленген. Ол «Отан үшін оққа ұшуға дайынбыз» дегенді білдіреді.
  5. Герб тану ғылымы геральдика деп аталады.
  6. Ең қысқа гимн Жапонияға тиесілі. Жапон халқының әнұраны бар болғаны бес жолдан тұрады.
  7. Ең ұзақ гимн Грецияға тиесілі. Гректің әнұраны 24 шумақтан тұрады екен. Кипрдың да гимні да осы Греция гимнімен мазмұндас. Тіпті кей тармақтары бірдей.
  8. Испанияда гимннің ресми мәтіні жоқ. Тек әуені бар.
  9. Канаданың гимні екі тілде. Француз және ағылшын тілінде өз алдына екі бөлек екі мәтін бекітілген. Фрнацуз тіліндегісі өжетті, рухты болса, ағылшын тіліндегі ырғақты, баяу әнге жазылған.
  10. Оңт. Африкасының гимні тіпті күрделі. Гимннің әр шумағын әр тілде берілген. Бірінші шумағы коса және зулу, екінші шумағы сесото, үшіншісі африкаанс, төртіншісі ағылшын тілінде жазылған.