4.06.2020, 11:38
Қараулар: 212
ЕЛТАҢБАСЫ ЕЛІМНІҢ, НЕТКЕН ӘЙБАТ, ЕҢСЕЛІ!

ЕЛТАҢБАСЫ ЕЛІМНІҢ, НЕТКЕН ӘЙБАТ, ЕҢСЕЛІ!

1.Елтаңба көрінісі Қазақстан азаматының кез келген құжатында болады.  Туу туралы куәліктен бастап зейнетақы кітапшасына дейін елтаңбаның белгісі қолданылады.

2.«Герб» сөзі неміс тілінен аударғанда «ербо» – мұра деген мағынаны білдіреді. Бұл біздің «таңба» сөзімен мәндес.

  1. 1992 жылы мемлекет рәміздеріне арналған байқаудың финалында Мемлекеттік Елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сипаттамасы қарастырылған болатын.
  2. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов бірін-бірі білмесе де, көрмесе де олардың жасаған елтаңба үлгісі қатты ұқсаған. Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов елтаңба нұсқасын түсінде көргенін айтады, ал, Жандарбек Мәлібеков елтаңбаны жасауда киіз үйдің құрылымын негізге ала отырып жасаған.
  3. Елтаңбада бейленген пырақтардың мүйізінде жеті сақина бар. Ол – «жеті ата» мағынасында қолданылған. Қазақ үшін 7 саны ескіден қасиетті сан болып саналады.

6.Елтаңбада шаңырақты көтеріп тұрған 72 уық бар. Ол «Бір ел, бір халық, бір мақсат» тұжырымдамасы негізінде жасалған.

7.2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елтаңба жасаудың жаңа стандарттары қабылданған.

  1. Елтаңба авторы алғашында бесбұрышты жұлдыздың орнына ай мен күнді қоюды ұсынған болатын. Алайда, елтаңбада әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдыз болсын деген нышанмен президент Нұрсұлтан Назарбаев елтаңбаға бесбұрышты жұлдыз енгізуді ұсынды.
  2. Әліпбиді біртіндеп латын қарпіне көшіруді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік рәміздердің бірі елтаңбаға өзгеріс енгізілді. 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап елтаңбадағы «Қазақстан» жазуы латынша “QAZAQSTAN” деп өзгертілді.