4.06.2020, 11:33
Қараулар: 211
ӘНҰРАНЫМ – АЙБЫНЫМ

ӘНҰРАНЫМ – АЙБЫНЫМ

1.Кезінде қазақ халқын құраған ру-тайпалардың өз ұрандары болғаны белгілі. Олар бір сөзден тұрады.  Көбіне аруақты аталар мен аналардың атына құрылған. Ал бар қазаққа бірдей елұран – «Алаш» болатын. Тағы бір ортақ ұран — «Аруақ» сөзі. Мұндай елұрандар қазіргі әнұранның басы болса керек.

2.1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде М.Төлебаев, Е.Брусиловский мен Л.Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаев, Қ.Мұқамедханов, Ғ.Мүсіреповтің мәтіні қабылданған.

3.1992 жылы қабылданған әнұран 750 жоба ішінен таңдалып алынған.

4.1992 жылдың 4 маусымында қабылданған әнұранның 7 авторы бар.  Әнұранның сөзін  М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева жазды. Ал әнұран музыкасының авторлары: М. Төлебаев, Л. Хамиди, Е. Брусиловский. Бұл әнұран 3 шумақ, 3 қайырмадан тұрған.

  1. Қазіргі әнұранымыз заңды түрде 2006 жылы 7 қаңтарда белгіленген еді. Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны бірінші рет 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. 1986 жылғы желтоқсанның желінде дәл осы ән қазақ жастарының бейресми әнұраны болған.