4.06.2020, 10:55
Қараулар: 234
БАҒЫМСЫЗ МАЛҒА АЙЫППҰЛ БАР

БАҒЫМСЫЗ МАЛҒА АЙЫППҰЛ БАР

 

Көше кезіп, ауыл сыртындағы үйлерді былай қойып, орталықтағы мекеме көлеңкесін паналап жүретін бағымсыз малға айыппұл салынатын болады.

Яғни, ауыл тұрғындарының малы көшеде қараусыз жүрсе, қамауға алынады. Оған әкімшіліктен арнайы қызметкер тағайындалды. Алдымен, ауызша ескерту жасалады. Малын қайтадан бағымсыз жіберсе, хаттама толтырылады. Көше босып жүрген малыңыз үшінші мәрте қамалса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының 408-бабына сай, яғни,  «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзды деп үш айлық (8334 теңге) есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.   Одан басқа егер, қараусыз көше кезіп жүрген мал жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiрсе, онда он қ (27780 теңге) АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Одан өзге де жауаптылықтар бар. Мәселен аталмыш заңның 505- бабына сай,  «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» фактісі бойынша ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма (55560 теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз (83340 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық (111120 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз (277800 теңге) АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Осы заңбұзушылық бiр жыл iшiнде қайта  қайталанатын болса, жеке тұлғаларға отыз (83340 теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық (111120 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу (138900 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз (833400 теңге) АЕК мөлшерінде айыппұл салуға мәжбүрміз.  Сондықтан малыңыздың көшеге емес, жайылымға бағыттағаныңыз әрі бағымын қамтамасыз еткеніңіз абзал, ағайын.

Дәурен ДӘУЛЕНОВ,

Сайқын ауылдық округі әкімінің орынбасары

Бөкей ордасы ауданы