31.05.2020, 17:51
Қараулар: 260
Бұдан кейін қай бетімді шымшимыз?…

Бұдан кейін қай бетімді шымшимыз?…

АЗАЛЫ КҮННІҢ МАҢЫЗЫН БІЛЕМІЗ БЕ?

 

Арғымағым,  арда едім,  арыдым де,

Қадірлімнің таба алмай қабірін де.

Сталиннің вагоны музейде тұр –

Қаңқасынан қан саулап әлі күнге.

Ұрпақ мынау өткеннен не біледі,

Сүйегімді сол сауал кеміреді,-деп Ғалым Жайлыбай айтпақшы. Азалы күннің маңызын білеміз бе? Сүргін саңлақтарынан кімдерді білеміз? Репрессия құрығына іліккен бөкейліктерден кімдерді білеміз? Осы сауалдармен бала тәрбиесі, ұлттық идеологияға тікелей қатысы бар деген ауылдастарымызды сөзге тартқан едік.

P.S: сауалнамаға тартқан адамдарымыз бұдан да көп болды. Мектепті алалағанымыз емес, біз қоңырау шалған мәметовалық мұғалімдер мардымды жауап бере алмады. Ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі де бары қынжылтты.  Бұдан кейін қай бетімді шымшимыз?…

Сауалнама жүргізген Ұлпан ЖАКИНА, Арайлым ЕСМАҒҰЛОВА