31.05.2020, 17:41
Қараулар: 240
Бөкей ордасынан 300-ге жуық интеллигенция өкілі репрессияға ұшыраған

Бөкей ордасынан 300-ге жуық интеллигенция өкілі репрессияға ұшыраған

Қасым Есекешев, Мұратсай ауылдық округінің клуб директоры:

1.Нақақтан жала жабылып, опат болған  қазақ зиялыларын, арда азаматтарының есімдерін ұлықтауымыз керек. Былтыр ғана мәдениет үйінде аудан имамы Қуандық Насыров бауырымыздың қатысуымен репрессия құрбандарына  құран бағыштап, дұға тіледік. Биыл да сәтін салса, құран бағыштап мұсылмандық парызымызды орындауға ниеттіміз. Бұл күні әр үйде құран оқылғаны дұрыс. Әлі де жастардың назарын аударып, бұл күннің маңыздылығын ұқтырар фильмдер түсіріліп, кітаптар жазылуы тиіс.

  1. Қазақтың «Үш бәйтерегі»,»Бес арысы» атанып кеткен арыстарымыз, басқа да ұлтжанды азаматтарымыз атылып, олардың әйелдері айдауда болды ғой.
  2. Бөкей ордасынан 300-ге жуық интеллигенция өкілі репрессияға ұшыраған деп естігем. Солардың ішінде Абдулхамид, Маханбет Бөкейхановтар бар.