31.05.2020, 16:44
Қараулар: 355

Айнұр Жаманғарина, М-С. Бабажанов мектебінің мұғалімі:

1.Саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір емес, үш күн аза тұтып, рухтарына тағзым етсек те артық болмайды. Әдетте бұл күні «Қару аманаты» саябағындағы шараларға  қатысып, гүл шоқтарын қойып, көппен еске аламыз. Ел тарихындағы аса елеулі датаны мүмкін тиісінше атап өтпей жүрген де болармыз. Дейтұрғанмен,  алаштықтардың тағдырын оқып, танысқан сайын көзқарасың өзгере бастайды екен.

  1. «Үш бәйтерек» атанған Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллиндер саяси қудаланып, ату жазасына кесілді.
  2. Біздің өңірде де талай дәрігерлер, оқытушы, ғалымдар шыққан. Дәл қазір Нұғман Залиұлы деген мұғалімді атай аламын. Бөкейде туып-өспесе де біздің жаққа қоныс аударып, көп жыл ұстаздық қылған. Жаппай қудалау басталған тұста ол кісіні де алып кетіпті.