31.05.2020, 16:36
Қараулар: 227
Репрессия құрбандары туралы туындыларды қарағанды жөн көремін

Репрессия құрбандары туралы туындыларды қарағанды жөн көремін

Мұхтар Жоламанов, аудандық балалар және спорт мектебінің маманы:

  1. Кез келген қазақ азаматы үшін бұл күннің маңызы ерек деп ойлаймын. Өз басым репрессия құрбандары туралы деректі фильмдер, көркем туындыларды қарағанды жөн көремін. Осылайша, елі үшін өмірлерін сарп еткен арыстай тұлғаларымыздың рухына тағзым етіп, олардың ерен істеріне құрмет көрсеткенім деп білемін.
  2. Ұлы террорлық әрекетке қарсы шыққан Әлихан, Ораз, Міржақып, Халел Досмұхамедов секілді арыстарымыз репрессия құрбандары болды. Өз басым оқушы кезімнен Алаш автономиясы үкіметінің алғашқы көшбасшысы Ә.Бөкейхановтың ерен істеріне сүйсініп өстім. «Тірі болсам, қазаққа еңбек етпей қоймаймын» деген сөзінен-ақ халқына, деген сүйіспеншілікті, жанашырлықты көруге болады. Ол кісінің әр айтқан сөздері ұлтжандылыққа, батылдыққа үндейді. Алаштықтардың қайсысын алсақ та  ғибратты ғұмырлары, өміршең көзқарастары, ұстанымдары  кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбиенің қайнар көзі.
  3. Негізі оқыған-тоқыған ордалықтардың біразы солақай саясаттың зардабын көрді. Қателеспесем, Бөкейхановтар әулетінің мүшелері репрессияға тап болған деп естігем.