14.05.2020, 17:46
Қараулар: 286
СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ ХАТЫ

СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ ХАТЫ



Бұл – М-С.Бабажанов атындағы мектеп мұражайында сақтаулы тұрған хат. Әбден сарғайған бұл хатты елемеуге болмайды. Өйткені, бұл майдан даласынан жолданған жауынгердің сағыныш хаты.

Хат иесі – бөкейлік Қайырбек Ерғалиев.  Қайырбек атамыз 1900 жылы Сталин совхозында дүниеге келеді. Ерте жастан еңбекке араласып, отау құрған ол 1934 жылға дейін аңшылықты кәсіп қылған екен. Кейін мемлекеттік сауда және дайындау мекемесінде, Лабай ауылдық кеңесінде,  №68 Торғай жылқы зауытында, Мәмбет ауылында қызмет атқарады. 1941 жылдың күзінде соғысқа аттанған.

Артында сегіз перзент сыйлаған сүйген жары  Жәмиға апамыз қара шаңыраққа бір өзі бас-көз болып қалады. Апамыз ұзақ жылдар бойы Қалмақ елінде сауыншы боп қызмет атқарып, кейіннен үй шаруасымен айналысқан. Көпбалалы отбасы босағаларын сағалап келген Есет есімді жетім баланы да бауырларына басып, өз баласындай көрген екен. Үлкен отбасы үмітпен, сағынышпен күткен әкелерінен 1944 жылы қара қағаз алды. Аяулы әкеден қалғаны – соңғы хаты. Қайырбек атамыз хатты ұлы Нұрлыбайға арнап жазған екен.

Суретте: майдангер Қайырбек Ерғалиевтен келген соңғы хат.

Нұршат МҰХАНБЕТҚАЛИ,

жас тілші,

Сайқын ауылы