14.05.2020, 10:33
Қараулар: 154
ШЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ШЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Отан қорғаушылар күніне орай бірқатар шенділеріміз түрлі марапатқа ие болды.

Айтулы күнгі басқосуда аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов азаматтарымызды мерейлі мерекемен құттықтап, «әрқашанда айбынды, абыройлы боп, елге қызмет ете беріңіз. Еңбектеріңіз әр кез елеулі болсын!» деп игі тілегін білдірді.

Бұдан соң аудан басшысы Социалисттік Еңбек Ері Ескендір Есімовті «Р.Қошқарбаев атындағы», доғарыстағы полиция полковнигі Исатай Бекқалиевті «Т.Бегелдинов атындағы», аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция майоры Бақберген Молдағалиевті «Армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы»  медальдарымен марапаттады.

Сонымен бірге ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің «Сайқын» шекара бақылау бөлімшесінің бастығы, майор Мұрат Қабылбаевқа, «Орда» шекара бөлімшесінің бастығы, майор  Дәуренбек Сәбековке, аудандық қорғаныс істері жөніндегі  бөлім басшысы, подполковник Асхат Санға,  төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім басшысы Тұрарбек Апақаевқа «Қазақстан патриоты» белгісі табыс етілді.  Ал, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жасақтау қызметінің басшысы Қуандық Сабырғалиев алғысхатқа ие болды.

Ауданның бас полицейі Бақберген Молдағалиев аудан әкімі Нұрлан Рахымжановқа Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты», аудандық сот төрайымы Гүлжиһан Сағитова мен  аудан прокуроры Қанәбіл Төремұратовқа «Армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы», судья Марат Шыңғалиевке «Т.Бегелдинов атындағы» медальдарды табыстады.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ