9.05.2020, 12:45
Қараулар: 88
ЖЕҢІСТІҢ ТУЫ ЖЕЛБІРЕ!

ЖЕҢІСТІҢ ТУЫ ЖЕЛБІРЕ!

Сəулесін шашып түнекке,

Ысырып жауды жер-көктен.

Қасірет тұнған жүрекке

Жеңіс боп келді сол көктем!

 

Бар еді оның салмағы,

Шаттықтың əсем гүлі атты.

Миллионның еді ол арманы

Миллионды қоса жылатты.

 

Ерлікті жұрты бағалар,

Із қалған өткен жылдарда.

«Жеңіс!» деп тұрды қалалар,

«Жеңіс!» тұрды қырлар да.

 

Сан рет ел боп егілдің

Уақыттың салған тезіне.

Қымбат қой құны өмірдің,

Қымбатқа түсті өзі де!

 

Тыныштық күннен нұр тамды,

Самғады аппақ қанатта.

Əн болып сосын шырқалды

Өлең боп түсті параққа.

 

Заманың алға басар да,

Тарихтан тағылым тыңдап ал!

Адамдар үшін қашан да

Жеңістің құны қымбат қой!

Фариза ШЫНБОЛАТОВА,

Ш.Жексенбаев атындағы мектептің оқушысы,

Ұялы ауылы