9.05.2020, 12:31
Қараулар: 34
МЕН СОҒЫСТЫ ЖЕК КӨРЕМІН

МЕН СОҒЫСТЫ ЖЕК КӨРЕМІН

«Мен соғысты жек көремін» деген сөзді бірнеше рет қайталап айта бергім келеді. Өйткені осы соғыстың кесірінен қаншама адам бақытты өмірін, балалық тыныштығынан айырылды десеңізші. Яғни, ананы баласынан, баланы әкесінен ажырады. Ел ішінде еңіреген бала, зарланған ана үндері кез келген жанның жүрегін елжіретіп, қайғының үстіне қайғы жамай бергені баршаға аян.

Бірақ, осындай қайғылы күнде біздің батыр ағаларымыз бен әпкелеріміз өздерінің табынды ерліктерін көрсету арқылы жеңіс туын желбірете білді. Ерлік көрсетті, өздері қаза тапты, аман қалса да, аяқ-қолдарынан айырылып, жараланды. Соғыстан аман келсе де, көбісі ұзақ өмір сүрген жоқ. Аталарымыз бен апаларымыз бізге бейбіт күн сыйлады. Ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев:

Туады ерлер ел үшін,

Өлмейді ісі мәңгілік.

Өшпейді абзал есімдер,

Ұрпаққа жетіп мәңгілік, — деп жырлағандай, айбынды елі, айбарлы батыр бабасы бар тәуелсіз елдің ұрпағы болғанымды мақтан тұтамын.

Армат НОХАТ,

 4- сынып оқушысы