9.05.2020, 12:19
Қараулар: 89
МАЙДАНГЕРДІҢ ҰРПАҒЫМЫН

МАЙДАНГЕРДІҢ ҰРПАҒЫМЫН

Жеңіс күні- абыройымыз бен ерлік даңқымыздың мерекесі. Бұл күнді соғыс майданында ұрысқа қатысқан ардагерлер ғана емес, сонымен қатар майданға керекті оқ-дәрі, киім- кешек, азық-түлік жеткізу үшін күні-түні еңбек еткен тыл ардагерлері де тойлайды.

Менің атам Өтелген Қисметов соғыс ардагері болса, әжем Мақтым Қисметова тыл ардагері. Атам соғыста оқ тиіп, жараланып елге оралған. Елге келген соң есепші қызметін атқарған. Ал әжем үй шаруасымен айналысып балаларын, немерелерін баққан.

Қазіргі бақытты өмірімізге үлес қосқан ардагерлердің ұрпағы болғанымды мен мақтан тұтамын. Еліміз тыныш болса екен деп тілеймін.

Бөкейхан ӨТЕЛГЕН

4- сынып оқушысы