9.05.2020, 12:14
Қараулар: 86
МЕНІҢ АТАМ ЖАУЫНГЕР

МЕНІҢ АТАМ ЖАУЫНГЕР

Ұлы Жеңіс. Қасіретті де қасиетті осы мейрам елде жарияланған төтенше жағдай режиміне қарамастан өз ретімен аталып өтілуде. Мектептерде  Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай патриоттық әндер, сурет, шығармалар байқауы, түрлі челлендждер онлаин түрінде жүзеге асуда. Ұялы ауылының Ш.Жексенбаев атындағы мектеп аудандық үнжарияның көзі қарақты оқырманы ғана емес, белсенді тілшілері қатарынан табылады. Мектеп директорының орынбасары Шынар Сабырова мереке қарсаңында атқарылған шараларының нәтижесі туралы бір бума хат жолдаған еді. Бұл хаттарда майдангер аталарын мақтан еткен өршіл ұрпақтың үні, бейбіт күннің бағасын білетін ақылды балғындардың өткенге тағзымы бар. Сіз де оқып, көзайым болыңыз!

 

Еліміз бүгінгі бақытқа оңайлықпен жеткен жоқ. Кешегі 1941 жылы маусым айында Фашистер Кеңестер одағына баса көктеп кіргенде ес жиған ер-азаматтар қолына қару алды. Елді қорғады. Менің атам Қалмияр да қанды қырғынды көрген, отан алдындағы борышын адал атқарған жауынгер. Соғыс біткен соң елге оралып,еңбек еткен. Атамның есімі ауданымыздағы мұражайда және Орал қаласындағы Ұлы отан соғысы ардагерлеріне қойылған ескерткіш монументінде жазылған. Мен жазғы демалыс кезінде барғанда өзім оқыған едім. Мен атамды біздің бақытты өмірімізді қорғаған батыр деп танимын. Кеудемді мақтаныш сезімі кернейді. Менде ержеткенде отанымды, елімнің тыныштығын қорғаймын.

Руслан ҚАЛМИЯР

4- сынып оқушысы