24.03.2020, 11:44
Қараулар: 307
«ҚАРА СУДЫ ҚАЙҒЫСЫЗ ІШУГЕ ЖАЗСЫН!»

«ҚАРА СУДЫ ҚАЙҒЫСЫЗ ІШУГЕ ЖАЗСЫН!»

Аудандағы мұсылмандар мешітінің ашылуына бастамашы болған марқұм Сәрсенбай Әшеновтің қара шаңырағының киесі боп отырған әжеміз Зәуреш те аузының дуасы, сөзінің мәйегі бар баталы әже.

Мен бір бата берейін,

Бергенде бата не дейін?

Береке берсін басыңа,

Қыдыр ата келсін қасыңа.

Әулие-әмбиелер қолдасын!

Дендеріңе саулық берсін!

Бастарыңдағы бақтарың,

Астарыңдағы тақтарың

Ешқашанда өзгермесін!

Елімізге тыныштық,

Басымызға амандық берсін!

Тату-тәтті еліміз қара суды қайғысыз ішуге жазсын!-деп бата берді.