13.03.2020, 15:50
Қараулар: 559
Жас кемешілердің жеңісі

Жас кемешілердің жеңісі

Қарағанды   қаласында кеме модельдеу спортынан чемпионат өтті. Аталған жарысқа еліміздің 14 облысынан командалар қатысты. Батыс Қазақстан облысы командасының құрамында қатысқан аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының үйірмешілері мен жетекшісі дүбірлі додадан олжалы қайтты.

Ильяс Ғалымжан «D-4C» модельдер класы бойына ІІ орынды, Жәңгірхан   Қыдырғали «D-3C» модельдер класы бойынша ІІ орынды, Нұрмұханбет Мұстафин «D-7C» » модельдер класы бойынша  І торын, «D-3» модельдер класы бойынша ІІІ орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің дипломдары және медальдарымен марапатталды.

 

Мейрамбек ҒИЫЛМАНОВ,

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және

спорт бөлімінің бас маманы 

шәкірттер жетістігі

Басқа да мақалалар