13.03.2020, 15:46
Қараулар: 512
Жас роботшылар жеңісі

Жас роботшылар жеңісі

Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен оқушылар және жастар сарайы базасының жасанды мұз айдынында «NatRoboCom-2020 (National Robotics Competition)» робототехника жарысы өтті.

Бес категория бойынша додаға түскен балалар барын салды.  Қорытындысында «Робо арқан тартыс» категориясы бойынша ІІ орын Жандос Сәрсенбаев мен Нұрбек Елеусінов жеңіп алса, «Робо қыз қуудан» Ильяс Ғалымжан пен Сайран Сатуов та ІІ орыннан көрінді. Орталығымыздың педагогы Әділхан Махимовтың жетекшілігімен командалық есепте ауданымыздың командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Жарысқа қатысушылардан әр категория бойынша жүлдегерлер анықталып, білім басқармасының  дипломдарымен, кубогімен және медальдарымен  мадақталды.

 

Миржан САБЫРОВ,

АБТШО директорының

орынбасары

 

шәкірттер жетістігі

Басқа да мақалалар