13.03.2020, 10:38
Қараулар: 321
МАҚАЛА ТАЛҚЫЛАНДЫ

МАҚАЛА ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Газетіміздің 2020 жылғы 28 ақпанындағы №8 санында жарық көрген «Солғын өткен слет» мақала бойынша аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева тиісті мекеме басшылары және қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізді.

Жиын барысында Нүркен Сабыров (М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ-нің директоры) және Асылхан Аманғалиевтің (М.Мәметова атындағы ЖОББМ-нің директоры) пікірлері тындалып, жалпы слетқа деген осалдықтарының себебі анықталды.

Қос мектеп директорының сөзін тыңдаған Лариса Қайырғалиева, газет бетіне жарияланған мақаланың орынды екенін айтып өтті.

–Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. «Менің Отаным – Қазақстан» деген маңызды шараға немқұрайлы қарағандарыңызды түсіне алмай отырмын. «Мектептегі шараны айқайлатып, бірінші бетке беріпті» деп ренжігенше, осындай шараларға қалай еткенде оқушыларды тартуға болады, белсенділіктерін қалай арттыруға болады деп ойланбайсыздар ма?-деп, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жұбан Ғұмаровқа тапсырма беріп, болашақта бұндай жағдай орын алмауын қатаң қадағалауын тапсырды.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ