12.03.2020, 18:46
Қараулар: 235
Еркебұлан Бисенғалиев: «Әйелден  мейірімділік жоғалса, оның ер азаматтан айырмашылығы да болмас еді»

Еркебұлан Бисенғалиев: «Әйелден  мейірімділік жоғалса, оның ер азаматтан айырмашылығы да болмас еді»

Еркебұлан Бисенғалиев, «Орда жұлдызы» аудандық газеттің тілшісі:

  1. Жоқ, ойлап көрмедім. Солай болған жағдайда, нағыз ұрысқақ әйел болатын шығармын.
  2. Қиналып сыйлық алып беретіндей жағдай кездеспеді. Мейрамда өзім қалада болмай гүлді достарымнан жеткізген кездерді айтпасам.

3 Әйел нәзіктігі мейірімділігінде дер едім. Мәселен, әкем ерте дүние салып, анам қаншалықты ана орнына өз алдына, әке орнына әке болуға тырысса да оның бойындағы жұмсақтық жоғалмады. Мен оған шын ризамын. Әйелден  мейірімділік жоғалса, оның ер азаматтан айырмашылығы да болмас еді.

4 Келіспеймін. Екі адам арасында шын сүйіспеншілік болса, онда ер азаматы үшін әйелі әр кез оқылмаған кітаптай көрінеді деп ойлаймын.

5 Қорқу дегенді түсінбеймін тіпті. Бір нәрсені бүлдіріп, айтуға қиналатын жағдай болуы мүмкін. Бірақ оны қорқу деп айта алмас едім. Қайта зайыбының көңіліне кірбің түсірмеудің амалы деген дұрыс болар.

  1. «Жаным» деп атаймыз ғой. Өкінішке орай, бұл сөз күнделікті қаратпа сөзге айналғанына налимын.
  2. Мен әдемілікке, үйлесімділікке ерекше көңіл бөлетін жанмын. Бірақ қыздарға назар аудармаймын. Себебі, орысша айтқанда «для меня красота в плане внешности как таковой не существует».
  3. Біздің жанұяда әркім өз табысына өзі қожайын. Бірақ әркім өз міндеттемелерін де ұмытпайды.
  4. Негізі қарсымын. Бәрі де уақытмен болғаны абзал. Тіпті баспана алсаң да, уақыт өте жөндеуді жоспарлайсың ғой.
  5. Кез келген жағдайды түсіністікпен қабылдайтынына ризамын.

 

МЕРЕКЕЛІК САУАЛНАМА

  1. 1. «Егер мен әйел болсам..» деп ойлап көрдіңіз бе?
  2. Зайыбыңызға қиналып әперген қымбат сыйлығыңыз?
  3. Сіздің көзіңізбен әйелдің нәзіктігі неде?
  4. «Қыз кезінде бәрі жақсы…» дегенге келісесіз бе?
  5. Әйеліңізден қатты қорыққан кезіңіз болды ма?
  6. Сұлу қызды көргенде ойыңызға бірінші не келеді?
  7. Зайыбыңызды кім деп еркелетесіз?
  8. Сіздің жанұяда қаржы министрі кім? Әйелге берген қаржы қайтарымсыз инвестиция ма?
  9. Әйел адамның боянғанына қалай қарайсыз?
  10. Ең алдымен зайыбыңыздың қандай қасиетіне бас иесіз?