12.03.2020, 18:29
Қараулар: 202
Нүркен Сабыров: «Әдемілігі әдептілігімен астасып жатса…»

Нүркен Сабыров: «Әдемілігі әдептілігімен астасып жатса…»

Нүркен Сабыров, М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің директоры:

  1. Тағы не дейді?! Ондайды ойлап та көрмеппін.
  2. Жұбайыма ешқашан сыйлық әперуге қиналмаймын. Бәрі де шын ниетпен, ақ көңілмен беремін.
  3. Әйелдің нәзіктігі – қылығында.
  4. «Жалғасын өзіңіз де білесіз ғой» дегенің болар шамасы. Бұл пікірмен келіспеймін. Себебі өзім де қыз тәрбиелеп отырған әкемін.
  5. Қорқады дегенің қалай? Негізі қорқатындай жағдайға тап болып көрмеппін.
  6. «Маралым» деймін, көбіне «Жаным» деп атаймын. Жалпы мен қолданыста «жаным» сөзін жиі пайдаланатын адаммын.
  7. Қазағымның әр қызғалдағы осындай әдемі болса деймін. Әдемілігі әдептілігімен астасып жатса деген ой келеді.
  8. Әрине, зайыбым Ақмарал Сансызбайқызы.
  9. Көп жарата бермеймін. Табиғи әдеміліктен артық ештеңе жоқ деп есептеймін. Бірде зайыбым боянып келгенде танымай қалғаным бар. Сонда «Маған өз Маралымды қайтарып алып кел» дегенмін. Содан бері жұбайым боянбайды. Ал, бетін баттастырып бояған адамды мен роботтай көремін. Робот ешқашан адам болмайтыны сияқты, бояу да әдемілікті қоспайды. Боянған адам өз ерекшелігін жоятындай.
  10. Сабырлылығын.

МЕРЕКЕЛІК САУАЛНАМА

  1. 1. «Егер мен әйел болсам..» деп ойлап көрдіңіз бе?
  2. Зайыбыңызға қиналып әперген қымбат сыйлығыңыз?
  3. Сіздің көзіңізбен әйелдің нәзіктігі неде?
  4. «Қыз кезінде бәрі жақсы…» дегенге келісесіз бе?
  5. Әйеліңізден қатты қорыққан кезіңіз болды ма?
  6. Сұлу қызды көргенде ойыңызға бірінші не келеді?
  7. Зайыбыңызды кім деп еркелетесіз?
  8. Сіздің жанұяда қаржы министрі кім? Әйелге берген қаржы қайтарымсыз инвестиция ма?
  9. Әйел адамның боянғанына қалай қарайсыз?
  10. Ең алдымен зайыбыңыздың қандай қасиетіне бас иесіз?