12.03.2020, 18:18
Қараулар: 207
Жанболат Наурызов: «Зулька» деп қоямын

Жанболат Наурызов: «Зулька» деп қоямын

Жанболат Наурызов, жеке кәсіпкер:

  1. Құдай сақтасын.
  2. Олай етіп қиналып, шамам жетпейтін сыйлық алып бермеппін. Апаң да ондай менің жағдайым көтермейтін сыйлық дәметіп көрмепті.
  3. Кез келген әйелдің жаны нәзік. Әп сәтте жылап, жүрегіне жақын қабылдап, шыж-быж боп қалады ғой.
  4. Келісемін.
  5. Өзің айтып тұрғандай «тең көрмей, тастап кете ме?» деп қорыққаным жоқ. Бірақ ойланып көрдім.
  6. «Қайран, жастық» деп қызығып қараудан басқа не ой келеді?
  7. «Зулька» деп қоямын.
  8. Отбасылық қаржы – екеуге ортақ. Үлкен мақсатқа жұмсалатын қаржыны бірге ойласып шешеміз ғой.
  9. Өз жұбайымның да, өзге әйелдердің де боянғанын жаратпаймын. Табиғи әдемілікке не жетсін?
  10. Ақылды, сабырлылығын құрметтеймін.

МЕРЕКЕЛІК САУАЛНАМА

  1. 1. «Егер мен әйел болсам..» деп ойлап көрдіңіз бе?
  2. Зайыбыңызға қиналып әперген қымбат сыйлығыңыз?
  3. Сіздің көзіңізбен әйелдің нәзіктігі неде?
  4. «Қыз кезінде бәрі жақсы…» дегенге келісесіз бе?
  5. Әйеліңізден қатты қорыққан кезіңіз болды ма?
  6. Сұлу қызды көргенде ойыңызға бірінші не келеді?
  7. Зайыбыңызды кім деп еркелетесіз?
  8. Сіздің жанұяда қаржы министрі кім? Әйелге берген қаржы қайтарымсыз инвестиция ма?
  9. Әйел адамның боянғанына қалай қарайсыз?
  10. Ең алдымен зайыбыңыздың қандай қасиетіне бас иесіз?