12.03.2020, 18:03
Қараулар: 163
МЕРЕКЕЛІК САУАЛНАМА

МЕРЕКЕЛІК САУАЛНАМА

МЕРЕКЕЛІК САУАЛНАМА

  1. 1. «Егер мен әйел болсам..» деп ойлап көрдіңіз бе?
  2. Зайыбыңызға қиналып әперген қымбат сыйлығыңыз?
  3. Сіздің көзіңізбен әйелдің нәзіктігі неде?
  4. «Қыз кезінде бәрі жақсы…» дегенге келісесіз бе?
  5. Әйеліңізден қатты қорыққан кезіңіз болды ма?
  6. Сұлу қызды көргенде ойыңызға бірінші не келеді?
  7. Зайыбыңызды кім деп еркелетесіз?
  8. Сіздің жанұяда қаржы министрі кім? Әйелге берген қаржы қайтарымсыз инвестиция ма?
  9. Әйел адамның боянғанына қалай қарайсыз?
  10. Ең алдымен зайыбыңыздың қандай қасиетіне бас иесіз?

 

 

Әлібек Айтқалиев, аудандық мектептен тыс тәрбие орталығының басшысы:

1.Басқа басқа дәл осы тақырыпта ойланып көрмеппін.

  1. 8-наурыз анамның туған күні. Айтулы мейрамда анама, жұбайым мен қызыма мерекелік сыйлық дайындау мен үшін бұлжымас дәстүр. Қиналып алып берген сыйлығым жоқ екен.
  2. Әйелдің нәзіктігі – ізеттілігінде.
  3. Келісемін.
  4. Осы кезге дейін қорықпапын.
  5. Балам үйленбей тұрғанда сұлу қызды көргенде «біздің үйге де осындай бір сұлу келін боп енер ме екен?» дейтінмін.
  6. Жас кезімізде еркелетіп не бірін айтқан шығармыз. Есейген кезде «кемпірім» деген сөзге мәз.
  7. Айлық шығынымды алып қаламын да, қалғанын жеңгеңнің қалтасына салып беремін. Құдайға шүкір, үнемді, ысырапшыл емес.
  8. Кірпік қондыру, жасанды қабақ, үрме ерін дегендер қазіргі жастардың сұранысы болар. Бірақ жасандылықтың аты жасандылық қой.
  9. Қонақжайлылығы.