5.03.2020, 12:25
Қараулар: 375
ӘЙГЕРІМ – АУДАН АРУЫ

ӘЙГЕРІМ – АУДАН АРУЫ

Мереке қарсаңында аудандық мәдениет үйінде «Бөкей орда аруы-2020» байқауы өтті. Ауданымыздың әр ауылы мен түрлі мекемелерінен он бір ару бақтары мен баптарын сынға салды.

Аудан аруына үміткер бойжеткендеріміздің арасынан кім мықтыны анықтау қазылар алқасына оңайға түспегені анық. Дегенмен байқаудың төртінші кезеңі, нақты айтқанда сайыстың зияткерлік бөлімі байқаудың нүктесін қойды деуге болады. LED экран арқылы ауданымыздың ардақты аналары және белсенді азаматшалары қазақы дәстүр, ырым-тыйымдар мен абыз ақын Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты сауалдарын қойды.

Бір-бірінен әдемілігімен, киім үлгісімен асып түскен аруларымыздың сыналған жері осы болды. үміткерлердің бірі қобалжып, толық жауап бере алмаса, енді бірі білмейтінін мойындап жатты.

Әйәйларымыздың арасында ақыл-ойымен ерекшеленгендер де болды. Білімді аруларымызға тек экраннан берілген бір сауалға жауаппен шектелмей, қазылар алқасынан қойылған сұраққа да жауап берулеріне тура келді.

– Сұрақтың жауабын білгеніңіз қуантады. Десе де көрермен қауымның күмәнін сейілту үшін қосымша сұрақ қоюды жөн көріп отырмыз,-деді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы  Жоламан Сисенғалиев.

Бір кешке созылған сайыс қорытындысында І орынды сайқындық Әйгерім Әжіғалиева иеленсе, саралжындық Жанбота Еділбаева ІІ орынға табан тіреді. Ал ІІІ орынды мұратсайлық Айшат Өтепқалиева мен сайқындық Нәдира Сүйіншева өзара бөлісті.

Жүлделі орын иеленбеген аруларымыз да назарсыз қалмады. Қосымша номинация бойынша барша қарындастарымызға алғысхат пен заттай сыйлық тарту етілді.

Нұрай ТАУБАЙ