5.03.2020, 11:48
Қараулар: 233
ТҰРҒЫН ТАЛАБЫ ЕСКЕРІЛДІ

ТҰРҒЫН ТАЛАБЫ ЕСКЕРІЛДІ

«Орда жұлдызыны» 2020 жылғы  31 қаңтардағы №4 санында Сайқын тұрғыны Сәбила Махмудованың «Арызымыз «ауада» тұр» деген шағымы жарияланған екен. Шағымда бір жыл бұрын берілген Ғ.Әзірбаев көшесін жарықтандыруға қатысты арыздарының еш қаралмастан «ауада» қалғанын айтқан екен. Көше тұрғындары атынан хат түскені рас. Су құбырларын кіргізу үшін қазылған орындардың опырылып қалғанынын, көше шамының жанбайтынын айтып, шағымданған екен. Хат жауапсыз қалған жоқ.

Топтық хаттағы бірінші тұрған азаматша Әзербаев көшесі №47/2 үй тұрғыны Зәуреш Бисенғалиеваның атына жауап жолданды. Ол жауапта «Ақбұлақ» бағдарламасымен тұрғын үйлерге су тарту үшін  қазылған жерлерді қалпына келтіру жұмысының мердігер «АльфаСервисСтрой» ЖШС-іне, көше шамдарын қайта қосуды аудандық электр торабы мекемесіне жүктелгені айтылды. Жауап уақытымен берілді.

Сәбила апамыз көршілерінде мектепте оқитын балалар барын, көшенің қараңғы екенін   айтып, көше қауіпсіздігі үшін шам орнатуды сұраған екен. Талап-арызы ескеріліп, Ғ.Әзербаев көшесіне қосалқы шамдар орнатылды.

Бисен ҚАДЫРОВ,

Сайқын ауылдық окургі әкімдігінің бас маманы