5.03.2020, 10:52
Қараулар: 199
БОЛАШАҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖОБА БАЙҚАУЫ

БОЛАШАҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖОБА БАЙҚАУЫ

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде «Оқушылардың экологиялық бизнес-жобасы» атты аудандық байқауы  өтті. Бұл білім бәсекесінде оқушылар «Экоөнімдер», «Ауыл шаруашылығына арналған экологиялық технологиялар» (ауылдың мәдениетін дамыту, ауыл өнеркәсібін дамыту, ауыл экономикасын көтеру, ауылшаруашылығы саласын жандандыру), «Инновациялық экологиялық бизнес-идеялар» (табиғи ресурстарды үнемдеу мақсатында энергияның балама көздерін іздеу, интернет технологиялары т.б. аталымдар бойынша  өз  жұмыстарын   қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша А.Құсайынов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Елтай Нұрдаулет  (мұғалімі Е.Құбайтов) «Желден энергия алу» жобасымен үздік деп танылып, облыстық кезеңге жолданды.

 

Найля  НАРБОЛОВА,

аудандық білім беру бөлімінің әдіскері